Атауы

 

Сипаттамасы

 

 

Мектепке дейінгі ұйым

«Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Тәрбие беру тілі

Қазақ

Тип

Типтік

Жұмыс аптасының ұзақтығы

10,5

Қосымша жабдықтау

Монтессори кабинеті,психолог және логопед кабинеті, музыка залы, денешынықтыру залы медицина кабинеті

Телефон

8(72438)  23-8-22

факс

8(72438) 23-8-22

Web-сайт

Shugyla-bb.testim.kz

Мекен-жайы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Үмбет би көшесі №4 үй

Соңғы аттестаттау

14.03.2015 жыл

Құрылған жылы

1967 жыл

Аусымдар саны

2

Жобалық қуаттылығы

140

Меңгеруші

Мухашова С.М

 

 

№1 Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

 

 

 

Қызылорда облысының білім басқармасының,Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №4 «Шұғыла» бөбекжай –балабақшасы

туралы ақпараттық анықтама

Балабақша алғаш 1967 жылы орыс тілінде тәлім-тәрбие беретін 140 орындық, екі қабаттық типтік жобамен салынған «Солнышко» бөбекжай - балабақша болып ашылған. Онда 140 бала тәрбиеленді. Оқу-тәрбие процесі орыс тілінде жүрді. 2 кіші топ, 4 жоғары топ болды.

1989 жылы балабақшадағы оқу-тәрбие процесі қазақ тілінде жүретін балабақша болуына байланысты №4 «Солнышко» балалар комбинаты №4 «Шұғыла» балабақшасы болып өзгертілді.    

1997-1998 оқу жылы аралығындағы оңтайландыру саясаты кезінде балабақша жабылды.

Балабақша 1998 - 1999 оқу жылынан бастап қайта ашылды.  Балабақша үздіксіз білім беру арқасында еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін тереңдетті. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасын тәрбиелеп шығарды. 

Қазіргі таңда Кәсіпорын «Облыстық заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы »  Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы қаңтардағы №180 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №4 «Шұғыла» бөбекжай - балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

 

Коридор

Жоғары қабатқа көтерілетін саты

 

Киім шешетін бөлме

Ойын бөлмесі

 

Музыка және дене шынықтыру залы

 

Асхана


Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру

Балабақшаның логопед маманы мен педагог психологінің инклюзивті білім беру талаптарын орындау мақсатында тәрбиеленушілердің  ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды анықтап,тізімі жасақталып,  жоспары құрылып жұмыстар жүргізілді.

 

Сыртқы белгі 

 

Пандус 

Топ әжетханасындағы белгі және қоңырау

 

View the embedded image gallery online at:
https://shugyla4-ds.kz/kz/biz-turaly.html#sigFreeId2e8386617f